Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолбарысты көрдім": Елбасы зор тәуекелге бармас бұрын қандай түс көргенін айтып берді

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Кадр: qazaqstan.tv

"Қазақстан" телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің астанасын ауыстыру туралы шешім қабылдаған кезінде үлкен тәуекелге барғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Елбасы елорданың бой көтеруі үшін талай күш-жігерін жұмсағанын, қалаға Еуропаның, Шығыстың, Қытайдың және өзге де елдердің сәулет өнерін тоғыстыруға тырысқанын сөз етті.

"Талай шенеунік аязды қысына шыдамай қашқан" Ақмоланы еліміздің бас қаласы етер кезінде Елбасының шешіміне жан жары Сара Алпысқызы да таң қалған екен.

"Бір күні Сара Алпысқызы "бәрі қарсы болып жатқанда бұны қалай жасамақсың?" деді. Мен сені ауылыңа апара жатырмын ғой, Нұраның жағасына деп қалжыңдап, күлдім", - дейді Елбасы.

Ол бастамасын халықтың бес пайызы ғана түсініп қолдағанына қарамастан, үлкен тәуекелге баруының арқасында ойы жүзеге асқанын алға тартты.

Ішкі түйсігіне ылғи сенетінін айтқан елбасы түсіне жолбарыс енгенін де есіне алды.

"Қарасай батырдың тоғызыншы ұрпағымын. Біздің жанымызда Қарасай батырдан қалған қызыл жолбарысы жүреді дейді... Бірде түсімде анам марқұм екі жолбарысты екі жағына жетектеп үйге келді. Жаңағы жатқан жолбарыс басын көтеріп, қазақша "барлығы дұрыс болады, қорықпа, жаса" деді", - деп есіне алды Назарбаев.

Осы түстен кейін Елбасы астананы ауыстыруға бар күш-жігерін салған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921038-zolbarysty-kordim-elbasy-zor-tauekelge-barmas-buryn-qandai-tus-korgenin-aityp-berdi/