Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өшпес мұра қалдырды": Мемлекет басшысы Әселхан Қалыбекованың жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстанның халық ақыны, "Парасат" орденінің иегері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.
Әселхан Әлішерқызы айтыс көкжиегінде шоқ жұлдыздай жанып, халқының сүйікті ақын қызына айналды. Саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап, жұртымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Соңында өшпес мұра қалдырды. Әселхан Қалыбекованың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың өмірден өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921041-ospes-mura-qaldyrdy-memleket-bassysy-aselxan-qalybekovanyn-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel