Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз ": Дариға Назарбаева әкесі туралы қызықты естелік айтты

Опубликовано:

Дариға Назарбаева Сенаттан кетті
Фото: Atameken Business Channel

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева қазақ әйелінің қоғамдағы рөлі жайлы және Елбасы отбасында қалай тәрбиеленгені туралы айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде режиссер Оливер Стоун Дариға Назарбаевадан қазақ даласында паранжы кию дәстүрі болған ба деп сұрады.   

"Біздің дәстүрімізде бұндай ешқашан болған емес, қазақ әйелі әрқашан қоғамдағы ерекше, құрметті және қадірлі орынды иеленген – әйел үйдің қазығы, ошақтың иесі. Мен мұны тіпті өз отбасымнан білемін", - деп жауап берді ол.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты отбасында әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметтің ерекше болғанын жеткізлі. Балалар оны жоғары лауазымды адам ретінде емес, әке ретінде бағалап, құрметтеген.

"Мен президенттің отбасында өспедім, ол ешқашан өзінің жұмысына қатысты мәселені айтпайтын, үйде біз оның карьерасын және қандай лауазым атқарып жүргенін талқыламайтын едік. Біздің анамыз оған зор құрметпен қарады. Ол кешке шаршап келген уақытта, бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз, тәпішкесін беріп, киімін шешуге көмектесетін едік", - деп еске алды Дариға Назарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Әблязов пен Рахат Әлиев туралы өз ойымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921312-barimiz-ony-qarsy-aluga-zugiretinbiz-dariga-nazarbaeva-akesi-turaly-qyzyqty-estelik-aitty/

pixel