Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Берік Уәли
Фото: aigak.kz

Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли республикалық "Құсбегілік" федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлады деп жазады BAQ.KZ.

"Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық "Құсбегілік" федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық "Құсбегілік" федерациясының президенті – Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды" делінген хабарламада. ⠀ Айта кетейік, Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры болған.

2018-2019 жж. – Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта Берік Уәли – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы. ⠀ Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы "Жамбы ату" федерациясының президенті болып Нұрлан Әметов тағайындалды.

Нұрлан Әметов 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Кәсіпкер, меценат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921640-berik-uali-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/