Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Урбанистика бойынша сарапшы елорданың ең қауіпті аудандарын тізіп берді

Жарияланған күні:

NQZ
Фото: instagram.com/nqz.nursultan

Анель Молдахметова командамен бірге қала тұрғындары мен сәулетшілер арасында сауалнама жүргізді. Оның қортындысы бойынша сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласының менталды картасын сызып, аудандардың бейресми атаулары мен тұрғындардың сол аудандарға қатысты пікірлерін жинақтады.

Молдахметованың сөзінше астаналықтар ең қауіпті аудандар ретінде ескі теміржол вокзалының маңайын, «Кирпичный», «Көктем» шағын аудандарын және «Неміс» қалашығын» атады.

instagram.com/nqz.nursultan
Фото: instagram.com/nqz.nursultan
«Неміс қалашығы. Елорда Целиноград деп аталатын кезде аталмыш ауданда тек неміс ұлтының өкілдері тұратын. Тұрғындар қалашықты зират және жер үйлермен байланыстырады. «Көктем» ауданы. Оның атауы Сарыарқа мен Бөгенбай даңғылдарының қиылысында тұрған ғимаратпен байланысты. Жергілікті тұрғындар ескі қорымның орнында салынған биік үйлерде қайталанып тұратын сиуцидтар жайлы оқиғаларды жиі еске алады», - дейді АнельМолдахметова.
instagram.com/nqz.nursultan
Фото: instagram.com/nqz.nursultan

Қаланың ескі ғимраттарын сүру қала тұрғындарына қалай әсер ететіні туралы сәулетші Теміртас Искаков айтып берді. Оның сөзінше, қалада жалпы архитектура мен тұрғындардың қабылдауына кері әсер ететін «мәдени нигилизмнің» үлгілері көп. Искаков соның бір мысалы ретінде оң жағалаудағы ескі алаңды атайды.

instagram.com/nqz.nursultan
Фото: instagram.com/nqz.nursultan

Әкімдік ғимаратының алдындағы алаңқай 70 жыл бойы біресе салынып, біресе сүріледі. Соның салдарынан бір кездері қаланың ерекшелігі болған алаң қазір қарапайым көлік тұрағына айналды. Сәулетшінің айтуынша қала басшылығы алаңды жаңғырту жоспарын қайта қолға алған. Дәл осындай жағдай елорданың неке сарайына да қатысты.

instagram.com/nqz.nursultan
Фото: instagram.com/nqz.nursultan
«Целиноград қаласында 1982 жылға дейін неке сарайы бес қабатты ғимараттың бірінші қабатында отырды. Одан кейін елорданың символына айналған жаңа неке сарайы салынды. Алайда 2000-шы жылы ғимаратты қайта бұзды. Кейін «Бақыт сарайын» тұрғызды. Бұл жерде сәулет ескерткішін ғана емес, символды жою орын алған. Біз неке қию рәсімінің қасиеті мен салтанатын жойып, қайтадан түсініксіз бір ғимараттың бірінші қабатына оралдық», - дейді сәулетші.

Сауалнамаға қатысқандардың арасында экс-министр, Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та бар. Өз сөзінде ол қаланың философиясы мен астананы көшіру тарихын еске салды. Шешімге қазақстандықтар әу баста қарсы болғанымен, кейін көштің пайдасын барлығы көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922375-urbanistika-boiynsa-sarapsy-elordanyn-en-qauipti-audandaryn-tizip-berdi/