Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус дертінің өршуіне байланысты тұрғындарға үндеу жариялады.

Облыс әкімі карантин талаптарына салғырт қараудың салдары ауыр екендігін ескертіп отыр.

«Қазіргі таңда коронавирус індеті қайта өршу үстінде. Былтыр осы кезеңде қаншама жақын-жуығымыздан, жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан айрылып, Туымыз төмен түсіп, қара жамылдық. Ол күндер мәңгі ешкімнің есінен кетпейді. Биыл да індетпен ауырғандар күннен күнге тоқтаусыз көбеюде. Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде», - дейді ол.

Әбдіқалықованың айтуынша, бүгінгі күні облыста барлығы коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр.

«Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар. Ауруға жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдықса, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында белсенділік байқалуда», - дейді ол.

Облыс әкімі жұмысқа белсенді азаматтар арасында дертті жұқтырып жатқандардың қарасы көп екеніне алаңдаушылық білдірді.

«Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын. Денсаулығымыз - өз қолымызда! Індетті бірге жеңейік!», - деп сөзін аяқтады Гүлшара Әбдіқалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922548-qyzylorda-oblysynyn-akimi-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel