Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұртай Қайрат
Нұртай Қайрат. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Президентінің Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдерімен Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы тағайындалды деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты.

Нұртай Қайрат 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекші маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметттерін атқарған.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа басшыны таныстырып, аудан әкіміне сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Президентінің әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен аталған қызметке Нариман Әскербекұлы Мақұлбеков келді.

2020 жылдан бастап осы кезге дейін ол Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922860-qyzylorda-oblysy-qarmaqsy-audanyna-zana-akim-tagaiyndaldy/