Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев Pegasus шпион бағдарламасы төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus бағдарламасының төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы телефоны тыңдалған адамдардың тізімін жариялаған еді.

Дәурен Абаевқа "Ашық диалог" сұхбатында аталмыш бағдарлама арқылы Қазақстан басшылары мен журналистерінің байланыс құралдары да тыңдалғаны туралы жаңалыққа қатысты сауал қойылды.

"Нақты анық емес дүние туралы пікір айтудың өзі қиын. Бізге қандай да бір дәлелі жоқ, айтарлықтай дүрліктіретін ақпарат берілді және соған жай ғана сенуді ұсынып отыр. Былайша айтқанда, ол тізімге кімді болса да қосып, ел ішінде, элитаның, журналистердің және басқалардың арасына күмәннің дәнін себуге болады. Маған бұл мәселеде ақылға қонымды скептицизм ұстану дұрыс сияқты. Әзірге басқа айтарым жоқ", - деді Дәурен Абаев.

Сонынмен қатар, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары антиваксерлерге қатысты пікір білдірді.

Дәурен Абаев антиваксерлердің азаймай тұруына ақпарат дәуірінде конспирологиялық теориялардың көбейіп кеткені әсер етіп отырғанын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін қандай жағдайда смартфоннан деректер ұрлану қаупі жоғары екенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1923546-dauren-abaev-pegasus-spion-bagdarlamasy-toniregindegi-suga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel