Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жағдайда смартфоннан деректер ұрлану қаупі жоғары екенін білесіз бе

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Егер цифрлық гигиена ережелері сақталмаса, компьютердегідей телефонға да вирус немесе зиянды бағдарлама сияқты біз қаламаған "қонақтар" кіре алады. Бұл туралы Прайм агенттігіне Роскачестваның цифрлық өнімдерді талдаушы-зерттеушісі Эльвина Насибулина айтып берді.

"Айталық, тиісті деңгейде қорғалмаса зиянды бағдарламалар арқылы компьютерге шабуыл жасаушылар жеке деректер мен төлем ақпараттарын ала алатыны белгілі. Сол сияқты, тыңдау мен суретке түсіру, дыбыс, бейне жазу және басқа да қосымшалардағы шпиондық бағдарламалар арқылы әрбір телефоннан деректер ұрлану қаупі бар екендігін қаперде ұстаған жөн", – дейді Эльвина Насибулина.

Пайдаланушылардың өздері көп жағдайда жіті көңіл аудармай орнату арқылы камера мен микрофонға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, файлдарды өзгертетін тыңшылық бағдарламаның кіруіне рұқсат береді.

Бұдан қорғанудың ең тиімді жолы, "қосымша орнатуға келісім бермес бұрын жақсылап ойлану", дейді сарапшы.

Солай десек те, Насибулина мұндай қауіптің басым бөлігі Android пен IPhone-ның операциялық жүйесінде анағұрлым жақсы қорғалғанын айтады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898994-qandai-zagdaida-smartfonnan-derekter-urlanu-qaupi-zogary-ekenin-bilesiz-be/

pixel