Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үндістан президенті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, Үндістан орталығында қатты жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Салдарынан Махараштрада 136 адам қайтыс болған. Ал Гоа штатында тасқын мыңдаған ғимаратқа нұқсан келтіріп, қиратқан. Мумбай маңында ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1923803-toqaev-undistan-prezidentine-konil-aitty/

pixel