Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Опубликовано:

Мемлекеттік күзет
Фото: Wikipedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген президент жарлығында.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1979 жылы Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған.

1979-2005 жылдар аралығында ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы, Астана қаласы және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – еліміздің ішкі министрінің орынбасары, бірінші вице-министр болды.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасын басқарған.

2011-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы бұл лауазымнан босатылып, 12 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап бүгінге дейін мемлекеттік күзет қызметін басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1924730-qalmuxanbet-qasymov-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel