Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателікті түзетуге бір тәулік берілді": Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Опубликовано:

Тоқаев Сапарбаев
Фото: Ақорда/мұрағат

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді", - деп жазды ол өзінің ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Әскербекұлы Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925240-qatelikti-tuzetuge-bir-taulik-berildi-toqaev-saparbaevqa-sogis-zariyalady/

pixel