RU

Атырау облысының әкімі орынбасарының жұмыстан кету туралы арызын қабылдамады

Серік Айдарбеков
Фото: azh.kz

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланың сотынан кейін отставкаға кетуге өтініш берді. Алайда Атырау облысының әкімі бұл арызды қабылдамады деп жазады "Ақ Жайық".

Сәуірде сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы Қылмыстық кодекстің 361-бабы "Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану" дерегі бойынша кінәлі деп таныған, алайда "жасаған ісіне өкінуіне байланысты" оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Осыдан кейін басқа салалармен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайтын облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков өзін қызметтен босатуға өтініш берді. Алайда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатаң сөгіс берумен шектеліп, арызын қабылдамады.

"Расында да, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, Серік Айдарбеков сот шешімінен кейін 10 күн ішінде отставкаға кетуге өтініш берді, бірақ облыс әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданумен шектелді", - деп растады облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Махамбет Досмұхамбетовтің өзіне келетін болсақ, баспасөз қызметі заң бойынша, егер оның орынбасарларының бірі немесе аудан әкімі сотталса, облыс әкімі қызметінен кетуі тиіс екендігін, яғни бөлім басшыларының біріне қатысты үкімнің өңір басшысына әсері жоқтығын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925249-atyrau-oblysynyn-akimi-orynbasarynyn-zumystan-ketu-turaly-aryzyn-qabyldamady/