Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ішкі істер министріне карантиндік шараларға қатысты тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында президентке елдегі қазіргі криминогендік ахуал мен ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы баяндалды.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ведомство қылмыстың көптеген түрін ашу көрсеткіштерін жақсартқан. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны азайған.

Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылаған. Алайда, интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны артқан. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысына вакцина алғандығы жөнінде жалған құжаттар таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Тұрғымбаевтың сөзінше, жыл басынан бері 110 қылмыстық іс қозғалған. Оның 50-і жалған вакцинация паспортын, 60-ы жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша.

Сонымен бірге, министр ІІМ бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925366-erlan-turgymbaev-prezidentke-iski-ister-organdarynyn-zumysy-turaly-esep-berdi/

pixel