Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары өмірден өтті

Опубликовано:

Әкім орынбасары
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды деп хабарлайды Yedilov Online Telegram арнасы.

"59 жасында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өмірден өтті.

Ол инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс индустриясы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ұлан Жазылбектің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жазылбек Ұлан Еркінұлы 1962 жылы дүниеге келген.

1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы "Алматы үй құрылысы" комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған.

1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ департаментінің директоры, "Қорғас – сервис" ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 - 2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылдың 21 мамырынан – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925431-zambyl-oblysy-akiminin-orynbasary-omirden-otti/

pixel