Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан орман өртімен күресіп жатқан Түркияға көмек жіберді (фото)

Жарияланған күні:

Ұшақ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Түркияға 2 тікұшақ пен 16 құтқарушыны жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Талғат Уәлидің сөзінше, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберген.

"Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына ұшып жетеді", - делінген хабарламада.
ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салған. Қазақстандық құтқарушылардың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үйлестіреді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
"Сондай-ақ, Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдап, оған орын алған алапат өртке байланысты гуманитарлық көмек ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1926059-qazaqstan-orman-ortimen-kuresip-zatqan-turkiyaga-komek-ziberdi-foto/