Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Соғыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Талибан" қозғалысының (Қазақстан мен басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған) өкілі Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

"Талибан" қозғалысының өкілі Мұхаммед Наимнің айтуынша, елде қандай басқару формасы болатыны әзірге белгісіз, бірақ ол туралы жақын арада жарияланады.

"Біз елімізде 20 жыл бұрын басталған соғысты аяқтадық", - дейді ол.

Сондай -ақ, Мұхаммед Наим Ауғанстан халқы мен шетелдік дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы уәде күшінде екенін тағы да еске салды.

Сонымен бірге, ол Ауғанстанның барлық қайраткерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік берілетінін, "Талибан" олармен диалогқа құруға дайын екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды. Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

Күні кеше "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулға кірді, бірақ шабуыл жасамады. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927300-taliban-qozgalysy-auganstanda-20-zylga-sozylgan-sogystyn-ayaqtalganyn-malimdedi/