СІМ Ауғанстаннан келген 70 мың босқынды елге кіргізу туралы қауесетті жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ауғанстаннан 70 мың босқынның келгені туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың кейбіреулері Шымкентте орналастырылады делінген хабарламада. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Хабарламаға сәйкес, АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметіне Ауғанстаннан босқындарды орналастыру туралы өтінішпен жүгінген. Хабарлама авторының айтуынша, алғашқы 500 адам Шымкентке келді делінген, алдағы күндері Қазақстанның үшінші мегаполисіне тағы 1,5 мың адамның келуі күтілуде.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде ресми түрде Stopfake.kz порталына хабарлады.
"Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кеше Қазақстан ауған босқындарын қабылдауға дайындалып жатыр, тіпті осыған орай лагерь құрды деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.
"Бүгінгі күні таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы жағдай сәт сайын өзгеруде, сол себепті нақты бір шешім туралы айтуға ертерек", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.
Сонымен қатар, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы да жиын өткізді.
Жиында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927398-qazaqstan-sim-auganstannan-kelgen-70-myn-bosqyndy-elge-kirgizu-turaly-qauesetti-zoqqa-sygardy/