jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма: СІМ жауап берді

    Ауғанстан
    Көрнекі фото: NOORULLAH SHIRZADA/AFP via Getty Images

    Әлеуметтік желіде Қазақстан ауғанстандық босқындарды өзіне қабылдауға дайындалып жатыр деген ақпарат пайда болды. Осыған қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстандықтар әлеуметтік желіде еліміз ауған босқындарын қабылдайды және осыған байланысты лагерь дайындап жатыр деген ақпарат таратуда.

    Мәліметтің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.

    Алайда ведомство бұл ақпаратты теріске шығарды.

    "Бүгінгі күні таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы жағдай сәт сайын өзгеруде, сол себепті нақты бір шешім туралы айтуға ертерек", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.

    Айта кетейік, Ауғанстаннан америкалық әскерилер шығарылғаннан кейін жағдай ушықты. Тиісті бұйрықты АҚШ президенті Джо Байден сәуір айының ортасында берген болатын.

    Осыдан кейін тәліптер Ауғанстанның бірқатар аймағын басып алды. НАТО жасағы мен америкалық әскерилердің соңғысы шілденің басында елден кетті.

    Бүгінде Ауғанстанда тәліптер күшейіп келеді. Әртүрлі деректерге сәйкес, олар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстанмен шекараларас аймақтарды қоса алғанда, ел аумағының 90 пайызын өз бақылауына алған.

    Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.

    "Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында.

    Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма: СІМ жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.