Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Опубликовано:

Президент77
Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, бүгін ел президенті Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады.

Ертең, 23 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді.

Сондай-ақ, бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.

Айта кетсек, бұған дейін президент жұмыс сапарымен Оңтүстік Корея Республикасына және Мәскеуге барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928318-toqaev-almaty-oblysyna-zumys-saparymen-bardy/

pixel