Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Азат Сембинов
Фото: parlam.kz

Мәжілістің бірінші жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәжіліс депутаты Азат Сембинов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін жеткізді.

"Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Асылбек Смағұлов.

Айта кетейік, Сембинов Азат Талғатұлы Парламенті мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929897-mazilis-deputaty-azat-sembinovtin-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel