Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ауыл шаруашылық өнімдері экспортын екі есеге арттыру жоспарланғанын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан билігі бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге арттырмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығыс экономикалық форумының жалпы отырысында айтты деп хабарлайды ТАСС.

"Алдағы бес жылда біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге - 7 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оның 70 пайызы қайта жасақталған өнім болады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте мемлекет басшысы жолдауында Қазақстанның аграрлық әлеуеті туралы көп айтылатынын, бірақ аграрлық секторда көптеген проблемалар бар екенін жеткізген еді.

Атап айтқанда, ол Қазақстанның аграрлық саясатында сабақтастық болмай тұрғанын атап өтті.

"Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға алдағы жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда президент соңғы бес жылдың өзінде субсидиялауға екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін еске салды.

"Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр.  Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. 
Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек. Ауыл шаруашылығын технологиялық  тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет. Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930298-toqaev-auyl-saruasylyq-onimderi-eksportyn-eki-esege-arttyru-zosparlanganyn-aitty/

pixel