Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: Қаржы министрлігінің ұсынысы шағын және ұсақ кәсіпкерліктің жағдайын қиындатады

Жарияланған күні:

Мужчина и женщина собирают кубики
Иллюстративное фото: Freepik

Бюджетке түсетін қаржының аздығын кәсіпкерлердің салық төлеу тәртібімен байланыстыру дұрыс емес. Бұл қаржы министрлігі пайымдағандай, салық төлеуден жалтарудың салдарынан емес, COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан төмендеген деп санайды сарапшылар.

«Үкімет 2021 жылы кәсіпкерлікті қолдаудан бас тартты. Санитарлық дәрігерлердің қаулылары бойынша қоғамдық тамақтану, сауда және басқа да кәсіп түрлерінің негізгі жұмыс уақытына тыйым салынды. Нәтижесінде, шектеу қойылған бизнес салалары 70% дейін сатылымын жоғалтты. Тиісінше, фискалдық түсімдер саны 70% -ға қысқарды, сәйкесінше, салық та азайды», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы, «Атамекен»ҰКП президиумының мүшесі Максим Барышев.

Сондай-ақ ол ақшалай түсімдердің төмендегенін баса айтты. Және, төленген салықтар шектеу шараларының нәтижесі болып табылады деді.

EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев те осындай пікірде.

«Президент ұзақ уақыт бойы бюджет кірістерін ұлғайту туралы айтып келе жатқанын ескерсек, министрлікте жаңа идеяларды ойластыруға кем дегенде бір түн уақыт болды. Біз әлі өспеген шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді жоюды ұсына отырып, Қаржы министрлігі өзінің әлсіздігі мен шығармашылық ойлаудың жоқтығын көрсетті деп санаймын», - дейді сарапшы.

Оның пікірінше, мұндай ұсыныс бизнес үшін жағдайды ушықтырып қана қоймайды, сонымен қатар биліктің сенімі мен үкіметтің айтқанына нұқсан келтіруі мүмкін.

«Президент даму туралы айтады, ал министрлік бәрі нашар екенін айтады және барлығын тексеру керек дейді. Ешкім камералық тексерулерден бас тартпады. Егер іскерлік адалдыққа күдік болса, оны таңдап тексеруге болады», - дейді Андрей Чеботарев.

Естеріңізге сала кетейік, шағын және ұсақ кәсіпкерлікке «салықтық демалыс» ережесін енгізе отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың осы секторын қолдау қажеттігі туралы айтты. Алайда, бұл сектор жыл бойы мемлекеттен ешқандай қолдау көрмеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, карантиндік және демалыс күндеріндегі шектеу салдарынан 2021 жылдың алғашқы алты айында тек қоғамдық тамақтану орындары ғана кірісінің 50% жоғалтты. Ал Қазақстандағы шағын және ұсақ кәсіпкерлік өкілдерінің табысы соңғы бір жыл ішінде айтарлықтай төмендеді.

Сонымен қатар, өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен енгізілген «салықтық демалыс», Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кірістерін жасыруға жол ашады. Ал оның орынбасары Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, «кәсіпкерлердің жауапсыздығы», «Қазақстан нарығын заңсыз тауарларға толтырған контрабандистерге пайдалы болды». Ал Қаржы министрлігі болса, тексеріс жасауға қайта мүмкіндік беру - профилактикалық жағынан пайдалы болмақ дейді.

*Материалды қазақстандық кәсіпкерлер тобы дайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930670-sarapsylar-qarzy-ministrliginin-usynysy-sagyn-zane-usaq-kasipkerliktin-zagdaiyn-qiyndatady/