"Біздің Депутат" басылымының қортындысы бойынша үздік депутаттар анықталды
Жарияланған күні:
Депутаттарға арналған «Біздің Депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2021 жылғы қорытындысы негізінде үздіктер анықталды.
Республика бойынша «Үзік мәслихат хатшысы» номинациясына облыстар ішінен Солтүстік Қазақстан облысы лайықты деп табылса, қалалар ішінен Қарағанды қаласының мәслихат хатшысы үздік деп бағаланып отыр. Жылдар бойы сіңірген еңбегі мен депутаттық топты басқару бойынша жоғары деңгейде қызмет жасағаны үшін 225 мәслихат хатшысының ішінде 2 өңір мәслихат хатшылары үздік деп бағаланды.
Мандатқа ие 3500 депутаттың арасында 900-ға жуық депутат облыс және қала депутаттары болып табылады. Солардың ішінен 32 депутат үздік атанып отыр. Олардың 20-сы облыстар ішінен, ал 12 депутат қалалар ішінен іріктеліп алдынды.
Мәслихат депутаттарының қоғамдық жұмыстары еш қандай жалақымен бекітілмеген. Соған қарамастан сайлаушылардың қолдауына ие болған әр бір мәслихат депутаты қоғамға қызмет ету жолында орасан зор үлес қосуда.
Әлеуметтік жобалар, қайырымдылық шаралары мен ақпараттық белсенділіктері үшін үздік деп танылған депутаттарға медаль мәслихат сессиясының кезекті отырысында табысталатын болады.
«Үздік мәслихат хатшысы – 2021»: Бубенко Владимир Степанович, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.
«Үздік депутат – 2021»:
- Нұр-Сұлтан қаласы - Смагулов Асқар Сайлаубекұлы;
- Алматы қаласы - Тау Нұрымбек;
- Алматы қаласы - Бискультанов Асқар Қуандықұлы;
- Шымкент қаласы - Жолдықожаев Мұрат Жаңабайұлы;
- Шымкент қаласы - Султанова Төреайм Жолдыбайқызы;
- Ақтөбе облысы - Кистаубаев Асқар Әлмұратұлы;
- Ақтөбе облысы - Шынтасова Сулупан Панақызы;
- Алматы облысы - Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы;
- Алматы облысы - Устенов Бағдәулет Нағыметбекұлы;
- Қызылорда облысы - Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы;
- Қызылорда облысы - Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы;
- Түркістан облысы - Жантөреева Калыйма;
- Түркістан облысы - Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы;
- Жамбыл облысы - Искандыров Мұқаш Зұлқарнайұлы;
- Жамбыл облысы - Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы;
- Қарағанды облысы - Прокоп Георгий Георгиевич;
- Солтүстік Қазақстан облысы - Алпысов Ерлан Сапарбекұлы;
- Шығыс Қазақстан облысы - Байгалиев Серик Марксұлы;
- Шығыс Қазақстан облысы - Кубентаев Ербол Кумашұлы;
- Павлодар облысы - Дяк Аурика Георгиевна.
Үздік мәслихат хатшысы – 2021»: Бексултанов Құдайберген Бексұлтанұлы, Қарағанды қаласының мәслихат хатшысы.
«Үздік депутат – 2021»:
- Орал қаласы - Мухамбеталиев Серік Хаириұлы;
- Атырау қаласы - Хайруллиев Мұса Қарашұлы;
- Атырау қаласы - Шеркешбаева Бақыт Кеңесқызы;
- Ақтөбе қаласы - Муханова Алтынай Еришқызы;
- Қызылорда қаласы - Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы;
- Түркістан қаласы - Сүлейменова Жамилә Төреханқызы;
- Түркістан қаласы - Худияров Ғалымжан Батырханұлы;
- Тараз қаласы - Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы;
- Қарағанды қаласы - Шалабаева Зара Хамитқызы;
- Қарағанды қаласы - Көкрекбаев Марлен Кәрімұлы;
- Павлодар қаласы - Акопян Гнель Мартиросович;
- Павлодар қаласы - Маликова Айгүл.
*PR құқығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930835-bizdin-deputat-basylymynyn-qortyndysy-boiynsa-uzdikter-deputattar-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.