Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ангела Меркель Бундестаг алдында соңғы рет сөз сөйледі

Опубликовано:

Ангела Меркель
Ангела Меркель. Фото: Kay Nietfeld/picture alliance via Getty Images

Германия канцлері Ангела Меркель Бундестаг алдында соңғы рет сөз сөйледі. Оның сөзі 14 минутқа созылды деп хабарлайды ТАСС.

Меркель қорытынды сөзінде климаттың өзгеруі, жасыл энергияны дамыту, терроризм мен киберқылмысқа қарсы тұру мәселелерін көтерді.

Ол сондай-ақ вакцинация мәселесін назардан тыс қалдырмады және тұрғындардан коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады.

Өз сөзінің соңында Меркель оппозицияның наразылығын тудырған ішкі саясат тақырыбын көтерді.

Ол христиандық демократиялық және христиандық әлеуметтік одақтардың кандидаты Армин Лашетке қолдау білдірді.

Меркель сөзінің соңында оппозиция арасында наразылық туғызған ішкі саясат тақырыбын көтерді. Ол христиандық демократиялық және христиандық әлеуметтік одақтардың кандидаты Армин Лашетке қолдау білдірді.

"Үкіметке Армин Лашет жетекшілік ететін ХДС/ХСС келуі мүмкін, ол бізді болашаққа орташа және центристік позицияларда жетелейді", – деді канцлер.

Канцлердің сөзін бірнеше рет бөліп жатса да, ол сөзін жалғастырды.

26 қыркүйекте Германияда парламенттік сайлау өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930884-angela-merkel-bundestag-aldynda-songy-ret-soz-soiledi/

pixel