Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр қызметінен кетті: Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Ноғаев
Нұрлан Ноғаев. Фото: Атырау облысы ӨКҚ

Бұған дейін Энергетика министрі болып келген Нұрлан Ноғаев министр қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын", – делінген ресми хабарламада.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 жылдары – Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 жылдары – Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 жылдары – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – облыс әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін – облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан об-лысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызында 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін Атырау облысының әкімі болып қызмет етті.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан бері Энергетика министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1930907-nurlan-nogaev-ministr-qyzmetinen-bosatylyp-mangystau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel