RU

Қызылорда қаласында жолдауда жүктеген міндеттер талқыланды

Отырыс
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған актив отырысы өтті.

Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың еңбек ардагерлері, кент, ауылдық округ әкімдері, сала басшылары, құқық қорғау органдары, Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер және жастар қатысты.

Ғанибек Қазантаев
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бес тараудан тұратын міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі қоғамдағы біздің мемлекетімізді алға жетелейтін бағдарламалық құжат. Елбасының бастамасымен қалыптасқан игі дәстүр, Еліміздің стратегиялық даму жолының негізгі темірқазығы.

Мемлекет басшысы бұл Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, адам құқығын қорғау бағытындағы бастамалары бойынша тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берді.

Отырыс
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Идеологиялық актив барысында қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылорданың қарқынды дамуы және қолдауды қажет ететін салалар туралы баяндама жасады.

«Сыртқы саясатта есесі кетпейтін, шекарасы шегенделіп ешкімде дауы жоқ мемлекеттің ендігі бағыты халық тұрмысын жақсарту, табысын еселеу. Бұл мақсатта Жолдауда нақты міндеттер қойылды. Осы міндеттерді орындап, біз экономиканы одан әрі нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыра түсеміз», - деді қала әкімі.
Видеоконференция
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Сонымен қатар, «Жаңа жағдайдағы экономиканы әртараптандыру және жетілдіру шаралары», «Денсаулық саласындағы медициналық инфрақұрылымды дамыту – ұлт саулығының кепілі», «Ұлттың ұйысуы - береке бастауы», «Саналы ұрпақ - сапалы білім» және «Шағын және орта бизнесті дамыту ел болашағының кепілі» тақырыптарында баяндама жасалып, Жолдаудың бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, алдағы жоспарлар сараланды.

Спикер
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931012-qyzylorda-qalasynda-zoldauda-zuktegen-mindetter-talqylandy/