Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаева премьерге жолдаған сауалында қандай мәселе алаңдатып жүргенін айтты

Опубликовано:

Дариға Назарбаева
Дариға Назарбаева. Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Қазақстанға шетелден инвестиция тарту мәселесін көтеріп, премьер-министрге сауал жолдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дариға Назарбаева 2020 жылы еліміздің экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 30 пайызға төмендегеніне алаңдаушылық білдірді.

"Пандемия мен оның салдарынан туындаған жаһандық экономикалық рецессия аясында мемлекеттер арасында инвестиция тарту үшін бәсекелестік артып келеді, елдің инвестициялық климаты шешуші рөл атқарады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, 2020 жылы еліміздің экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 30 пайызға төмендеген", - деді Назарбаева премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.

Мәжіліс депутаты инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында төрт жыл бұрын 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірленгенін еске салды.

"Тұтастай алғанда мемлекет инвестициялық ахуалды жетілдіру жөнінде бірқатар кешенді шара қабылдап жатыр. Десе де, инвестициялық климатты жақсарту мәселесі өзекті болып қала береді", - деп атап өтті депутат.

Осы орайда, Назарбаева үкіметтен стратегия қазір қалай жүзеге асып жатқанын, 2018-2020 жылдардың нәтижесі бойынша негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізілген-жеткізілмегенін айтып беруді сұрады.

"Стратегия жаңа инвестиция тарту үшін ең тиімді болып табылатын "перспективалы салаларды" анықтайды. Атап айтқанда АКТ, туризм және қаржы. Елдің осы салалардағы бәсекелестік позициялары күшейтілді ме, стратегияны іске асыру жылдарында қандай негізгі инвестициялық жобаларға бастамашылық етілді? Осы есепті жылдары елдегі қазіргі инвесторларды ұстап қалу және қайта инвестициялауды ынталандыру үшін қандай нақты шаралар қабылданды?", - деп сауал жолдады халық қалаулысы.

Сондай-ақ, ол инвесторлардың шағымдары мен мәселелерін сәйкестендіру жүйесінің іске қосылып-қосылмағанын нақтылауды өтінді.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларға, елдегі инвестициялық ахуалдың жай-күйіне жүйелі түрде талдау жүргізіліп жатыр ма деп сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931036-nazarbaeva-premerge-zoldagan-saualynda-qandai-masele-alandatyp-zurgenin-aitty/

pixel