Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қайта тағайындалды

Жарияланған күні:

Берік Имашев
Берік Имашев. Фото: Қазақстанның Әділет министрлігі

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Берік Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасылы, екі қыз мен бір ұлы бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

1982 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

1982 - 1992 жылдары Фрунзе ауданы прокуратурасының тағылымгері, тергеушісі, көліктегі заңдарды орындау жөніндегі бөлімнің прокуроры, Қазақ ССР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Алматы қаласы Мәскеу ауданының прокуроры болған.

1993 - 1994 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, 1994 - 1995 жылдары - "Казкоммерцбанк" АБ басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2000 жылдың желтоқсан айынан 2001 қарашасына дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (Үкімет мүшесі);

2003 - 2005 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;

2005 - 2007 жылдары - Президент әкімшілігі басшысының орынбасары;

2012 - 2016 жылдары - Әділет министрі болған.

2016 жылдың 13 қыркүйегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.

"Құрмет" ордені және "Парасат" орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931464-berik-imasev-ortalyq-sailau-komissiyasynyn-toragasy-lauazymyna-tagaiyndaldy/