Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 11 қыркүйектегі террорлық шабуылға 20 жыл толуына орай пікір білдірді

Жарияланған күні:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Бүгін 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында болған террорлық актіден қаза тапқандарды еске алу күні. Осыған орай vемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы", – деп жазды мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931559-toqaev-11-qyrkuiektegi-terrorlyq-sabuylga-20-zyl-toluyna-orai-pikir-bildirdi/