Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Тәжікстанға барады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Тәжікстанда өтетін іс-шараларға қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Сонымен қатар бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931810-qasym-zomart-toqaev-osy-aptada-tazikstanga-barady/