Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге министрлер мен әкімдерді тартуды ұсынды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан үкіметі жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясының құрамына министрлер мен шекаралық облыстардың әкімдерін енгізуді ұсынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті премьер-министр Асқар Маминнің "Қазақстан Республикасының үкіметі жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығының жобасын дайындап, "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Құжатта "жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының үкіметі жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясының жұмысын жетілдіруге, орталық мемлекеттік және де жергілікті атқарушы органдардың шекаралық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі ой-пікірлерін ескеруге мүмкіндік беретін нақты вертикалін құрастыруға мүмкiндiк бередi" делінген.

Атап айтқанда, үкімет жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясының шешімдерін іске асыру үшін шекаралас аймақтар әкімдерінің төрағалығымен аймақтық үйлестіру кеңестері құрылатын тармақты енгізу ұсынылды.

ҰҚК облыстық үйлестіру кеңестерді құрылуы нақты басқару вертикалін құрастыруға мүмкіндік беретініне сенімді:

  • орталық мемлекеттік органдар – мемлекеттік шекара комиссиясы;
  • шекара маңы облыстары – облыстық үйлестіру кеңестері;
  • шекара маңы аудандары – шекара сұрақтары бойынша үйлестіру кеңестері.

Сонымен қатар, келесі үкімет мүшелерін Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясының құрамына енгізу ұсынылады:

  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Сыртқы істер министрі;
  • Қорғаныс министрі;
  • Ішкі істер министрі;
  • Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қаржы министрі;
  • Энергетика министрі;
  • Денсаулық сақтау министрі;
  • Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі;
  • Мәдениет және спорт министрі;
  • Төтенше жағдайлар министрі;
  • Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі.

Үкімет жанындағы мемлекеттік шекара комиссиясына 12 шекаралас облыстардың әкімдерін енгізу ұсынылады:

  • Алматы облысының әкімі;
  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
  • Жамбыл облысының әкімі;
  • Маңғыстау облысының әкімі;
  • Түркістан облысының әкімі;
  • Ақтөбе облысының әкімі;
  • Атырау облысының әкімі;
  • Батыс Қазақстан облысының әкімі;
  • Қостанай облысының әкімі;
  • Қызылорда облысының әкімі;
  • Павлодар облысының әкімі;
  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

ҰҚК мәліметінше, ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық негізде қайта құрылуына байланысты мемлекеттік шекара комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілуде.

"Енгізіліп жатқан түзетулер Мемлекеттік шекара комиссиясының мәртебесін көтерту мүмкіндік береді, және де мемлекеттік органдардың шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекаралық инфрақұрылымын жайластыру және шекаралық кеңістігінде құқықты бұзуларды алдын алу сұрақтарда бірлескен іс-қимылдар көтертеді", – делінген комитет хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931976-uqk-sekara-qauipsizdigin-qamtamasyz-etuge-ministrler-men-akimderdi-tartudy-usyndy/

pixel