Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым жұмысшыдан басшыға дейін: «Қазақмыс» өз қызметкерлерін қалай менеджерге айналдырады

Опубликовано:

Қазақмыс корпорациясы
Фото: Қазақмыс корпорациясы

Бүгінгі таңдағы жаһандық үдерістер аясында әлем халқының белсенді өсуі мен корпорациялардың қарқынды дамуы байқалуда. Бұл өз алдына адам ресурстарына, әсіресе, дарынды басқарушыларға деген сұранысты арттыра түседі. Осы орайда, кей компаниялар басқарушы қызметтерге үміткерлерді өзге орындардан іздеуді ұйғарса, енді бірі өз кадрларының қызметте өрлеуіне басымдық беріп, бұл жолда бар күш-жігерін аямайды. Бұған мысал ретінде «Қазақмыс» корпорациясын келтіруге болады.

«Директорлар мектебі» - қызметкерлер арасындағы дарынды менеджерлерді анықтауға және оларды жан-жақты дамытуға көмектесетін негізгі корпоративтік бағдарлама. «Мектептегі» даярлық 2 жылға созылады, содан кейін түлектер басшылық лауазымдарға үміткер ретінде компанияның кадрлық резервіне енгізіледі.

«Қазақмыс» аталмыш бағдарламаны 2019 жылдан бастап қолға алған. Түлектердің алғашқы легі 2021 жылдың жазында оқуын аяқтады. Бүгінгі таңда жобаға қатысу үшін екінші іріктеу жүріп жатыр. Мұнда компанияның кен байытушы мамандары, кеншілері, энергетиктері мен металлургтері прорабтан кәсіпорынның бас инженеріне дейін көшбасшылық дағдыларын шыңдап, мансабында жоғарылай алады.

Үміткерлер ретінде жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер іріктеледі. «Директорлар мектебіне» жіберілмес бұрын, олар кәсіби білімі мен психологиялық ерекшеліктерін саралауға мүмкіндік беретін арнайы тестілеуден және сұхбаттасудан өтеді.

«Директорлар мектебінің» қатысушыларының бірі - корпорацияда 2005 жылдан бері жұмыс істейтін Асанәлі Жайсан. Ол Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжін бітіргеннен кейін бірден «Казақмыс Смэлтингке» электромонтер болып жұмысқа тұрады. Бағдарлама басталған кезде ол салқындату жүйесінің аға шебері қызметін атқарып жүрген болатын.

Қазақмыс корпорациясы
Фото: Қазақмыс корпорациясы
«Мені мансабымда жоғарылау, жаңа дүниелерді зерттеу мүмкіндігі қызықтырды. Тренинг барысында біз қарым-қатынас, көшбасшылық, шешім қабылдау, эмоционалды интеллект, күйзелісті еңсеру, уақытты және адам ресурстарын басқару сияқты кәсіби дағдыларымызды (hard skills) және жеке тиімділік дағдыларымызды (soft skills) жетілдірдік. Мұның бәрі көңілді әрі қызықты түрде өтті», - дейді түлек.

Оқыту аясында әр түрлі тренингтер ұйымдастырылады, сонымен қатар «кейс-стади» (бизнес-кейстерді модельдеу және шешу), «печа-куча» (әсерлі презентациялар мен көпшілік алдында сөз сөйлеу арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту) сияқты іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, әрбір студент тәлімгерлердің – корпорацияға еңбегі сіңген қызметкерлердің қолдауына ие болады.

Асанәлі Жайсанның сөзінше, сарапшылар ой-талқы, сторителлинг сессияларын өткізіп, өз ақыл-кеңестерімен бөліскен. Нәтижесінде білімі, ой-өрісі кеңейіп, өзіне сенімділігі арта түскен Асанәлі көздеген мақсаттарына қол жеткізе алғанын айтуда.

«Соның арқасында көп ұзамай Балқаш мыс қорыту зауытындағы Ванюков пешін жаңғырту жөніндегі жобалық топтың басшысы қызметіне тағайындалдым. Кейін селен тазарту және бағалы металл қожын өңдеу бойынша цех құрылысының жобасын басқардым. Ол жерде 7 адамнан құралған топқа басшылық етемін. «Директорлар мектебі» бұл тұрғыда маңызды рөл атқарды», - дейді «қазақмыстық» қызметкер.

Омаров атындағы шахта үңгілеу тресі №2 күрделі тау-кен жұмыстары учаскесі басшысының орынбасары Жанат Қапаров та бағдаралмаға қатысудың арқасында үлкен тәжірибе жинақтап, өзіне жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қазақмыс корпорациясы
Фото: Қазақмыс корпорациясы
«Директорлар мектебінде» даярлықтан өтудің нәтижесінде жинақтаған басты дағдым, ұстанымым, тіпті әдеттерім - бұл барлық тұрғыдан үздіксіз өркендеп-дамуыма берілген ​​бағдар», - дейді Жанат Қапаров.

Оның айтуынша, оқу барысында, сол кездегі болашақ басқарушылардың корпорация өндірісіне көзқарасы кеңейе түсіп, мәселеге ауқымды, әрі жан-жақты қарауға үйренген.

«Мектептің маңызды артықшылығы – саналы ойлауды қалыптастырып, ғаламдық үдерістен тыс қалмауға мүмкіндік береді. Әр өндіріс бірлігі бүкіл корпорацияның табысына қаншалықты әсер ететінін елестетіп көріңіз. Өндірістік циклдердің қаржылық, жабдықтау және басқа да процестермен өзара байланысын зерттеу мен үшін әсіресе қызықты болды. Нәтижесінде әр бағыттағы жұмыстың әмбебаптығы байқалады және әрбір нақты жағдайда өзіндік құнның қалыптасуы мен төмендеуіне әсері айқын болады», - деп атап өтті Жанат Қапаров.

Оқыту тек өндірістік модульдермен шектелмеген. "Қатысушылар экономика, қаржы, басқару салалары бойынша да білім алды", - дейді "Директорлар мектебінің" түлегі.

«Сонымен қатар, барлық мұғалімдер, тәлімгерлер, менеджерлер бізді мүмкіндігінше барлығына үйретіп, жинақтаған білімі мен тәжірибесін біз үшін қолжетімді етуді басты мақсаты деп білді. Бұл ретте маған STEP BY STEP қағидасымен көптеген күрделі бағыттар бойынша біртіндеп оқытудың жан-жақты ойластырылған жүйелі әдісі ұнады. Мектеп ұйымдастырушылары жеке үй тапсырмаларын дайындауда көп жұмыс жасады, бұл оқушыларға материалды меңгеру процесін өз бетінше бақылауға және қандай тақырыптар қосымша зерттеуді қажет ететінін түсінуге мүмкіндік берді. Бұның бәрі оқу процесін қызықты етіп, аз уақытта өз динамикаңды бақылап отыруға жола ашты», - деп қорытындылады Жанат Қапаров.

Жезқазған ЖЭО бас инженерінің өндіріс жөніндегі орынбасары Ермек Жұмақанов корпорацияда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ол жылу механикалық қондырғыларды реттеу бойынша жетекші маман ретінде қызмет етті. Ал 2015 жылы Жезқазған ЖЭО-на цех бастығы болып ауысты. 2019 жылы «Директорлар мектебіне» қабылданған кезде ол бас инженердің техникалық даму және пайдалану жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Тәжірибелі энергетик кәсіби дағдыларын қаншалықты шыңдағанына қарамастан, өмірлік мәселелерді шешуге және басқа адамдармен жұмыс жасауға көмектесетін жеке (soft skills) дағдыларда қиындықтарға тап болғанын айтады. Ол осы дағдыларды меңгеру үшін бағдарламаға қатысуға шешім қабылдады.

Қазақмыс корпорациясы
Фото: Қазақмыс корпорациясы
«Басты себеп - өндірісті басқаруда жаңа дағдыларды үйрену, ой-өрісті кеңейту. Маған бұл білім қажет болды, себебі басшымды жиі алмастыруға тура келетін, мен өкілеттіктерді табыстауда қиындықтарға тап болдым. Маған мамандарға түсіндіруден гөрі бәрін өз күшіммен жасай салу оңай көрінетін, және бұл, әрине, жұмыс үдерісін қиындатып, оны тиімсіз ететін. Сонымен қатар, «Директорлар мектебіне» дейін мен көпшілік алдында сөйлеуден қорқатынмын, бүгін мен бұл қорқынышты жеңдім және кез келген аудитория алдында еркін сөйлей аламын», - дейді Ермек Жұмақанов. Ол бағдарлама басталғаннан кейін бір жыл өткенде қызметінде жоғарылады.

Тәжірибе көрсеткендей, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен олардың дамуына инвестициялар құю компанияның мақсаттары мен жұмыс нәтижелеріне әсер етеді. Өз қызметкерлерінің дағдыларын дамытуға бағдарланған корпорациялар бәсекелестерінен озып, болашаққа сеніммен қарайды.

Ел экономикасына орасан зор үлес қосатын «Қазақмыс» үшін бұл стратегиялық тұрғыдағы маңызды бағыт. Мұнда әр қызметкердің күш-жігері жалпы ілгерілуге негіз болатынына баса назар аударылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933562-qarapaiym-zumyssydan-bassyga-deiin-qazaqmys-oz-qyzmetkerlerin-qalai-menedzerge-ainaldyrady/

pixel