RU

Тоқаев: Қазақстан жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды

Егін
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиттінде Қазақстанның жылына неше тоннаға дейін бидай экспорттайтынын жеткізді деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан аграрлық секторды экологияландыруды және орнықты дамытуды қолдайды.

"Еліміз бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Біз негізгі тежеуші факторларға қарамастан, майлы дақылдар экспортын 1 миллион тоннадан асырдық. Дегенмен, азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан орнықты болуға тиіс", – деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиттінде сөз сөйлегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933668-toqaev-qazaqstan-zylyna-7-million-tonnaga-deiin-bidai-eksporttaidy/