Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан елшісі "Талибан" өкілімен кездесті

Опубликовано:

Әлімхан Есенгелдиев пен Әмір Хан Муттаки
Әлімхан Есенгелдиев пен Әмір Хан Муттаки. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Кабулда Қазақстаннан Ауғанстанға қажетті гуманитарлық көмек мәселесі талқыланды деп хабарлайды еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесті.

Кездесу кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланған.

Өз кезегінде Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғыс айтқан.

Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ, ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды.

Одан бөлек, Әмір Хан Муттаки Ауғанстанның жаңа билігі Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934056-qazaqstan-elsisi-taliban-okilimen-kezdesti/

pixel