Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Өтеғұлов БҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Арман Өтеғұлов
Арман Өтеғұлов. Фото: facebook.com/akimatzko

Президенті әкімшілігі келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды. Бұл туралы ведомство Facebook парақшасында хабарлады.

Арман Кәрімұлы 1964 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары.

Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "мал дәрігері", "экономика бакалавры", "экономика ғылымдарының магистрі" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
  • Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі;
  • Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
  • Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
  • 2020 жылдан бастап, жаңа қызметіне дейін Теректі ауданының әкімі қызметін атқарған.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары болған Арман Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934328-arman-otegulov-bqo-akiminin-birinsi-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel