RU

Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады

Тоқаев Радий Хабиров
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезіне қатысқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Кәсіпкерлер палатасы үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын және еліміздің орнықты дамуына зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

Оның пікірінше, "Атамекен" ұлттық бизнестің мүддесін тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, халықаралық деңгейде де үнемі қорғайды.

Бес жыл бұрын шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 24 пайыз болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 пайызға жетті және салада 3,5 миллион отандасымыз жұмыспен қамтылған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934399-toqaev-basqurtstan-respublikasynyn-bassysy-radii-xabirovty-qabyldady/