RU

Тоқаев пен Путин өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Путин
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Көкшетауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді.

Аталған форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі" деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934680-toqaev-pen-putin-oniraralyq-yntymaqtastyq-forumyna-qatysady/