Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тағайындалған министр қазақ тілінде сөйлемегені үшін ескерту алды

Опубликовано:

Серікқали Брекешев
Серікқали Брекешев. Фото: gov.kz

Жақында ғана экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған Серікқали Брекешев мәжілісте заң жобасын талқылау кезінде депутаттың сауалына қазақ тілінде жауап бере алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл сұрақты депутат Жанарбек Әшімжанов қойды.

Ол біздің республикамызда Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын зерттеу үшін қандай ұйымдар зерттеулер жүргізіп жатқанын және мұндай зерттеулерді қаржыландыру қалай жүргізілетінін сұрады.

"Каспий теңізінің флорасы мен фаунасын зерттеу бойынша басқа мемлекеттермен бірлескен жобалар мен бағдарламалар бар ма? Егер болса, қандай? Сұраққа мемлекеттік тілде жауап беруіңізді өтінемін", - деді мәжілісмен.

Алайда Серікқали Брекешев мемлекеттік тілде жауап беру қиынға соғатынын айтып, cөзін орыс тілінде жалғастырды.

"Мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналамын. Қазақ тілін білмегендіктен емес, өз ойымды толық жеткізу үшін орыс тілінде жауап берейін", - деді министр.

Ал Нұрлан Нығматулин экология министрі Серікқали Брекешевке ескерту жасады.  

"Сіз бізге бірінші рет келіп отырсыз, депутаттың қойған сұрағы да үлкен күрделі мәселе. Сіз парламентке келіп отырсыз. Сол себепті келесіде қазақ тілінде қойылған сауалға қазақ тілінде жауап беруіңіз қажет. Шетелде оқыдыңыз, ағылшын тілін білесіз. Енді туған елде жүрсіз, оған қоса министрсіз, сол себепті қазақ тілінде сөйлеу қажет. Келістік пе?", - деді мәжіліс төрағасы.. 

Бұған экология министрі: "Жарайды, түсінікті" деп қысқаша жауап қайырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934705-zaqynda-tagaiyndalgan-ministr-qazaq-tilinde-soilemegeni-usin-eskertu-aldy/

pixel