Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық “Dala Fruit” компаниясы Ресейге алма мен шырынның 15 түрін жеткізіп отыр

Опубликовано:

Dala Fruit
Фото: Dala Fruit

«Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстан локдаун кезеңінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруын тоқтатпай, экономиканың нақты секторына белсенділікпен несие берген екінші деңгейлі банктердің бірі болды. Соның арқасында отандық кәсіпкерлер өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуеттерін арттырды.

«Біз екінші деңгейлі банктердің арасындағы «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2020, 2025», «Нұрлы жер», БҰҰДБ сияқты кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың көшін бастап тұрғандардың қатарындамыз. Аталған бағдарламалардың шеңберінде 750 млрд теңгеден астам сомаға 8,5 мыңға тарта жоба мақұлданды және 65 млрд теңгеге «Дамудан» 6 мыңнан астам кепілдік алынды», – деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Титов.
Алма бағы
Фото: Dala Fruit

Түркістан облысындағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Dala Fruit» компаниясы. Ол «Сбербанк» АҚ ЕБ көмегімен жеміс сақтайтын қоймаларды салып, ауыл шаруашылығы кластерінде қызмет көрсететін инфрақұрылым құрды (мәселен, DAF, VOLVO, KRONE маркалы магистральдық автопоездардың 81 жиынтығы сатып алынды).

Алмалар
Фото: Dala Fruit

Компания заманауи технологияларды қолдана отырып, алма өсіру, сақтау, өңдеу және сатумен айналысады. Қарасу ауылдық округінің экологиялық таза аумағында 135 га жерге жоғары технологиялық өнім беретін бақ отырғызылған.

Жалпы өндірістік қуаты – жылына 8 000-10 000 тонна алма алатын компания жергілікті жерде 500-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр.

Алма бағы
Фото: Dala Fruit

Қазіргі кезде ел аумағыннан басқа Ресейге алма, шырынның 13 түрін жеткізіп отыр. Алдағы уақытта Азия елдеріне және Қытай нарығына шығу жоспары қарастырылған.

«Dala Fruit» компаниясы алманың 5 түрлі сұрпын өсіреді – айдаред, голден, фуджи, гренни, джонаголд түрлері бар.

Алма бағы
Фото: Dala Fruit

Жалпы орташа өнім жыл артқан сайын ұлғайып келеді. Бастапқы кезде гектарына 3 тонна жеміс жиналатын болса, өткен жылы бір алманың сұрпынан 77 тонна өнім алынған.

Жылдан жылға көбейіп келе жатқан өнім меншікті қоймада сақталады. 15 тоннаға дейін алманы бір жыл бойы сақтауға болатын қойма Қазақстан бойынша тек осы жерде орналасқан.

Dala Fruit
Фото: Dala Fruit

Алма бағын отырғызу үшін 3 ай бойы жер тегістеліп, тыңайтқыш себілген. Бау тамшылатып суару әдісімен суарылады, бұл суды үнемдеудің тиімді әдісі.

Италияда шығарылатын сұрыптау аппаратымен сағатына 6 тонна алма сұрыпталады. Аппарат алманы түсіне және көлеміне қарай бөледі. Осылайша әр қорапқа алма біркелкі болып жиналады.

Dala Fruit
Фото: Dala Fruit

Тәуекелі мол алма бағын дамыту үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ-дан 5 млрд теңге несие алынған. Сонымен қатар бау отырғызылғанның алғашқы жылдарында 40%, кейіннен 25% шығынды мемлекет көтерген.

Соңғы жылдарда пандемия жағдайында тек қазақстандық қана емес, әлемдік экономика да зардап шеккені белгілі. Осыны ескеріп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жергілікті бизнеске ауқымды және жедел қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын сақтауға, экономиканы тұрақтандыруға және елдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға септігін тигізуде.

Алмалар
Фото: Dala Fruit

Биыл «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп отырғанына 15 жыл болды. Қыркүйектегі көрсеткіш бойынша еліміздегі екінші деңгейлі банктер арасында активтер көлемімен 2-орында тұр. Банк бизнесті және халықты қаржыландыруға қарқынды қызмет көрсетіп отыр. Банк сапалы өнімдер мен клиенттерге арнап оңтайлы шарттарды ойластырған. Түйінді бағдары – экономика, оның ішінде азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және т.б.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935702-otandyq-dala-fruit-kompaniyasy-reseige-alma-men-syrynnyn-15-turin-zetkizip-otyr/

pixel