Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ариф Алви
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ариф Алви. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені туралы жазған едік.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935990-toqaev-pakistan-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel