Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Партия отырысын жабық мерекелік кеште өткізген Зеленский дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: 1+1 телеарнасы

Интернетте Украина президенті қатысқан жабық мерекелік кештің видеосы жарияланды. Ролик 1+1 каналында жарық көрген.

Желіде президент Владимир Зеленский ұйымдастырған жабық мерекелік кештің видеосы тарап кеткен.

Іс-шараға "Слуга народа" партиясының мүшелері қатысқан көрінеді. Кеш Трускавец жабық клубында өткен. Партияның отырысы ерекше форматта өткені атап өтілді.

Видеоны көрген украиналықтар наразылығын білдірді. Олардың сөзінше, шенеуніктер экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан қиын кезеңде сауық кешін ұйымдастырған.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Италиядағы қымбат вилласын сатылымға шығарған еді. Жылжымайтын мүлік қымбат курорттық аймақта орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936601-partiya-otyrysyn-zabyq-merekelik-keste-otkizgen-zelenskii-dauga-qaldy-video/

pixel