Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин: Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Фото: Министрліктің ресми сайты

Үкімет отырысында еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин саладағы ұлттық жобаны таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ұлттық жобаны іске асыру аясында тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған. Интернет желісін пайдаланушылардың үлесін 91-ден 95 пайызға дейін жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын 9 күннен 5 минутқа дейін қысқарту, бизнестен талап етілетін деректердің 50% онлайн есепке алу, Қазақстан аумағы арқылы "Азия-Еуропа" жалпы транзиттік деректердің трафик деңгейін 3%-дан 8%-ға жеткізу ескерілген.

Сонымен қатар, IT-экспортын 500 млн АҚШ долларына жеткізу, инновациялық өнім көлемін 1,7- ден 2,5 трлн теңгеге арттыру, коммерцияландыру жобаларының жеке қоса қаржыландыруын 50%-ға жоғарылату жоспарланды. Әр мақсатқа жету үшін тиісті іс-шаралар қарастырылған", - деді Мусин.

Ұлттық жоба 10 бағыт және 208 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған. Жобаны іске асыру үшін 1,4 трлн теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлу талап етіледі. Оның ішінде цифрландыру және инновацияларға 587,8 млрд теңге және ғылым бағытына 833 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, жобаны іске асыру үшін 800 млрд теңге жеке инвестиция тартылмақ.

"Интернетті пайдаланушылар үлесін 95 %-ға жеткізу үшін мынадай құралдарды енгізу жоспарлануда: төмен орбитадағы спутниктерді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер байланыс қызметтерін субсидиялау, 5G-ді облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда енгізу", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936675-musin-memlekettik-qyzmet-korsetu-uaqyty-5-minutqa-deiin-qysqartylady/

pixel