Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиімді әрі қауіпсіз: «Нұрқазған» кенішінің техника паркі жаңа бұрғылау қондырғысымен толықты

Опубликовано:

парк техники рудника «Нурказган»
Фото: NUR.KZ

Қауіпсіздік, өндірістің жоғары сапасы мен өнімділік – кеншілерге аса қажет бұл мүмкіндіктер «Қазақмыс» корпорациясы Нұрқазған кеніші үшін сатып алынған жаңа бұрғылау қондырғысының арқасында қолжетімді болып отыр. Швед технологиясы бұрғылау жұмысына адамның тікелей қатысуын азайтудың арқасында өндірістен жарақат алу жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттырып, жұмыс барысын жылдамдатуға жағдай жасайды.

«Нұрқазған» кенішінің техника паркін толықтыра түскен Sandvik фирмасының жаңа бұрғылау каретасы алдын ала бекітілген арнайы көрсеткіштер тұрғысынан оператордың үздіксіз бақылауын қажет етпейді және өздігінен жұмыс жасай алады, сондай-ақ, жұмысшылар ауысымы кезінде ұңғыманы өздігінен бұрғылайды. Ол үшін сізге қондырғыны кенжарда дұрыс орнатып, бағдарламалау жеткілікті.

Қуатты қондырғының көмегімен бұрғыланған ұңғымалардың саны бүгінгі күннің өзінде бірнеше есе артқан, ал жұмыс сапасы сол күйі жоғары деңгейде қалуда. Десе де кеншілер үшін оның өзге артықшылығы құнды болып отыр - бұл қауіпсіздік. Аталмыш заманауи қондырғыда өздігінен болатын қозғалысты бұғаттау мүмкіндігі қарастырылған, нәтижесінде өндірістік жарақат алу қаупі толықтай сейілді десе болады.

парк техники рудника «Нурказган»
Фото: NUR.KZ
«Біз шахтерлердің еңбек жағдайлары жақсарып келе жатқанынының куәсі болудамыз, қазіргі қондырғылар ыңғайлы және қауіпсіз жұмысқа әлдеқайда жақсы бейімделген, сонымен қатар ол бұрынғы қондырғыдан әлдеқайда қуатты. Машина ешбір ақаусыз үздіксіз жұмыс істейді», - дейді Нұрқазған кенішінің механигі Виктор Перлов.

Кеншілерге жаңа қондырғыны меңгеруге бірнеше күн ғана қажет болған екен. Олар қайта даярлаудан өтіп, бүгінде машинаның көмегімен өндірістік тапсырмаларды әлдеқайда жылдам орындауда.

парк техники рудника «Нурказган»
Фото: NUR.KZ
«Маған қажетті кенжардың паспортын флэшкаға жүктеп, оны дәл наряд бойынша қою жеткілікті, ол өзі бұрғылайды. Ұңғыманың тереңдігі мен еңкею гардусын бағдарламалауға болады. Егер электр қуаты немесе сумен қамтамасыз етуде ақаулар туындаса, құрылғы өздігінен өшеді. Сондықтан біз бұл жөнінде еш алаңдамаймыз. Тағы бір артықшылығы - мұқият бұрғылау, яғни жұмыс кезінде бұрғылау қондырғысының өзі құбылмалы жағдайларға бейімделе алады. Мәселен, егер бұрғылау кенге түссе, ол бірден параметрлерді өзгертеді», - деп түсіндірді Нұрқазған кенішінің бұрғылаушысы Серік Ракш.

«Қазақмыс» корпорациясы қондырғыны Sandvic фирмасынан инвестициялық бағдарлама бойынша сатып алды. Швед компаниясы 150 жылдан астам уақыт бойы озық инженерлік шешімдерді ұсынып келеді әрі өнімділік, сапа, қауіпсіздік, икемділік және жалпы экономикалық тиімділік тұрғысынан оның өнімдері жоғары көрсеткіштерге ие.

«Болашақта біз жаңа қондырғыларды сатып алып, моральдық әрі физикалық тұрғыдан әбден ескірген жабдықтарды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Оларға мысал ретінде жару машиналары мен тау-кен үңгу жұмыстарының бұрғылау қондырғыларын келтіруге болады. Бұл – қауіпсіздік пен еңбек өнімділігін арттырудың кепілі», - дейді кеніштің бас механигі Жасұлан Сүлейменов.

«Нұрқазған» кенішінде жүздеген адам жұмыс істейді және сапалы әрі сенімді жабдық олардың денсаулығы үшін ғана емес, өмірі үшін зор маңғызға ие. Сондықтан компания кеншілердің жұмысын тиімді етуден бөлек, қауіпсіз бола түсуіне ерекше ден қойып, тек ең заманауи қондырғыларды сатып алуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936876-tiimdi-ari-qauipsiz-nurqazgan-kenisinin-texnika-parki-zana-burgylau-qondyrgysymen-tolyqty/

pixel