Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ұлттық жобалар тізбесін бекітті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"1. Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын жазған едік.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936956-prezident-ulttyq-zobalar-tizbesin-bekitti/

pixel