Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин eGov-ты "Сбер" платформасына ауыстыруды тек қазақстандықтар жасайды деп уәде берді

Опубликовано:

министр
Фото: Бағдат Мусиннің Facebook парақшасынан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қоғам қайраткерлерімен кездесіп, eGov-тың "Сбер"платформасына көшу мәселесін талқылады. Бұл туралы Мусин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

Министр кездесу нәтижесінде барлық тараптардың ой-пікірін ескере отырып, бірқатар мәмілеге келгенін атап өтті.

"Біріншіден, біз өнімді бастапқы кодтарымен бірге аламыз. Қарапайым тілмен айтсақ, біз жасалу жолы мен нұсқаулығы бар конструктор мен құралдар сатып алмақпыз. Біз дайын құрал-жабдықтарды пайдаланып, қажет болса, оны әрі қарай дамытып, конструкторды барынша жетілдіре аламыз. Бұл конструктордан не жасау керектігін біз шешеміз. "Қара жәшік", яғни түсініксіз әлдебір нәрсені сатып алғалы жатқан жоқпыз, сондықтан біз әлдебіреулердің айтқанына көніп, айдағанына жүре бермейміз. Тағы да қайталап айтқым келеді – бастапқы кодтар бізде болады.

Біз платформаның толыққанды нұсқасы бар түрлі компаниялармен сөйлестік, бірақ бәрі де тек қана пакеттік шешімдерді ұсынуда, ал мұндай жағдайда біз шетелдік мамандарға тәуелді болып қалуымыз ықтимал. Бұған біз жол бере алмаймыз", - дейді Бағдат Мусин.

Оның сөзінше, екіншіден, серверлер Қазақстанның жерінде және қорғалған контурларда сақталады.

"Бұл дегеніміз, оған ешкім, әсіресе шетмемлекеттер тіпті де қол жеткізе алмайды. Яғни біз Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік талабына сай шетелдіктердің бұл процеске кірісуіне, соның ішінде техникалық сүйемелдеуіне жол бермейтініміз айдан анық", - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Бағдат Мусин, үшіншіден, бұл іспен (конструктордың дайын құралдарымен жасау) тек қана Қазақстан азаматтары айналысатынын жеткізді.

"Оның үстіне, мен бұл норманы барлық құжаттарда бекітуге дайынмын. Бұл – жобаға бөлініп жатқан қаражаттың негізгі бөлігі Қазақстанның экономикасына құйылады деген сөз және қазақстандық айтишылардың жалақасына жұмсалады", - дейді ол.

Төртіншіден, бұл жұмысқа отандық ІТ-компаниялар тартылмақ. Компаниялар, яғни нарықтағы бір-екі ірі компанияның монополиясы болмайды.

Сонымен қатар, министр жалпы ІТ-саланы дамыту, соның ішінде платформаны жетілдіру үшін жоғары білікті кадрларды дайындау қарқынын күшейту керектігіне тоқталды.

Одан бөлек, алдағы іс-әрекеттердің ашық және жариялы болу қажеттігі айтылды.

Сөз соңында Бағдат Мусин салмақты және орынды сын айтып жатқан қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Ақпараттық вакуум біраз қисынсыз пікірлер туындатқанын мойындаймын, сондықтан біздің жұмыс жайлы жиі жазып тұруға уәде беремін", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938664-musin-egov-ty-sber-platformasyna-auystyrudy-tek-qazaqstandyqtar-zasaidy-dep-uade-berdi/

pixel