Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкер пара алғаны үшін қызметінен кетеді

Опубликовано:

Асқар Сақыпкереев
Асқар Сақыпкереев. Фото: pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов журналистермен кездесуде денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін орынбасары Асқар Сақыпкереев заңға сәйкес қызметінен кететінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол "Денсаулық" жеке коммерциялық емес мекемесінің директоры Айнагүл Қарабаевадан 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Екеуі де айыпталушылар орнынан табылды. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының бас дәрігеріне 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынса, емдеу мекемесінің директоры 4 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Екеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

"Біз заңға бағынамыз, бәрі заң бойынша болуы керек. Егер қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып, сотта оның кінәсі дәлелденсе, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жетекшілік ететін орынбасар отставкаға кету туралы арыз беруі керек", – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Айта кетейік, Асқар Сақыпкереев 2 қарашада 63 жасқа толады. Бұл сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін оның лайықты демалысқа шығып үлгеретінін білдіреді.

Әкімнің орынбасары қызметін 2017 жылдың наурыз айынан бері атқарып келді. Бұған дейін 13 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939196-sqo-akiminin-orynbasary-qaramagyndagy-qyzmetker-para-algany-usin-qyzmetinen-ketedi/

pixel