Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұртөре Жүсіп басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Нұртөре Жүсіп
Нұртөре Жүсіп. Фото: egemen.kz

Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Отандастар қорының баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Бүгін "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан "Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы" құрылды.

Аталған іс-шараға парламенті сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мақсат Бекболатұлы Мажитов, "Qazaqstan" РТРК" акционерлік қоғамы басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, "Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Сарбасов пен отандық және шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысты.

"Бүгінгі іс-шараға қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Барлық шетелде шығатын қазақ тілді ақпарат құралдарының ортақ алаңын қалыптастру жұмысы аясында сайт ашу және жас мамандарды,  дайындау және басқа да ұсыныстар берілді. Осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі ассоциацияның құрылу мақсаты шетелдегі қазақ тілін сақтап қалу", - дейді Нұртөре Байтілесұлы.

Кездесу барысында "Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының" ережесі таныстырылып, бекітілді. Ассоциация төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939214-nurtore-zusip-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel