Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саакашвилидің украиналық заңгері Грузияға не себепті кіре алмады

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Pavlo Conchar/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Грузияның бұрынғы президентінің адвокаты елге кірерде қиындықтарға тап болған деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Тбилисиге адвокат Евгений Грушовецпен бірге Украинаның омбудсмені Людмила Денисова келді. Оның айтуынша, ол елге еш қиындықсыз кірген, ал Грушовец Грузияға кіре алмаған.

"Менімен бірге тағы бір адам украиналық заңгер ұшып келді, оған шекарадан өтуге рұқсат берілмеді әрі кері қайтарылды. Мен бұл мәселе бойынша міндетті түрде тиісті органдарға жүгінемін", – деді Денисова Саакашвили отырған Руставидегі түрменің алдында.

Саясаткер Грузияның экс-президентімен кездесуді жоспарлап отырған мекемеге кіріп те үлгерген, деп хабарлады БАҚ өкілдері.

"Мен грузиндердің қонақжай екенін сезіндім. Тбилиси әуежайында Грузияға кіруге рұқсат етілмеді. Тіпті себебін түсіндірмеді. Төлқұжатымды алып, (бортсеріктердің айтуы бойынша) экипаж командиріне берді. Мен М.Саакашвилиге келгенімді түсіндірдім, бірақ өкінішке орай, Украинаға қайтуға мәжбүрмін. PS. Стюардесса мені "депортталған жолаушы" деп атады. PSS. Қазір мен Киевке төлқұжатсыз қайтып барамын", – деп жазды Грушовец әлеуметтік желілерде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939222-saakasvilidin-ukrainalyq-zangeri-gruziyaga-ne-sebepti-kire-almady/

pixel