Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық кәсіпкерлер қызметкерлерді «Еңбек» бағдарламасымен жұмысқа ала бастады

Опубликовано:

жеке мұрағатынан
Фото: жеке мұрағатан

Жақсы қызметкер табу – маңызды іс, өйткені компания табысының басым бөлігі қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты. Еліміздегі кәсіпкерлер жұмыскер іздеуде Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жиі жүгініп, жұмыс іздеушілерді «Еңбек» бағдарламасы арқылы жалдай бастады.

Олар бағдарламаның артықшылығы ретінде жоғары мотивация мен жұмыскерлер тарапынан жұмыс істеуге деген құлшынысты, сондай-ақ еңбекақының 35 пайызының (бірақ ең аз жалақыдан аспайтын) мемлекеттік бюджеттен төленетінін атап өтеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанай қаласындағы «Бауыржан и Н.» ЖШС күзет агенттігінің директоры, Ахметов Серік Жұмыспен қамту орталығымен 2016 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеді. Ол осы уақыт аралығында «Еңбек» бағдарламасымен елудей қызметкерді жұмысқа алды.

«Жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын бағдарлама туралы естіп, Жұмыспен қамту орталығына бардым. Сол кезден бастап жұмыскерлерді осы бағдарлама арқылы жалдап келемін. Жұмыс беруші ретінде бұл бағдарламаның артықшылықтарын айтар болсам, біріншіден, олар шынымен жұмыс істегісі келетін адамдарды жібереді», – дейді күзет агенттігінің жетекшісі.
жеке мұрағатан
Фото: жеке мұрағатан

Оның айтуынша, күзетші жалдау айтарлықтай қиын іс. Үміткер есепте тұрмайтындығы туралы, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны және сотталмағаны туралы анықтамалар өткізуі тиіс. Оған қоса қызметкерлер арнайы оқытылып, оқу аяқталғанда сертификат алады.

Уақыт пен қаражат шығыны шаш етектен, сол себепті де күзет саласында қызметкердің ұзақ мерзімге қалғаны маңызды. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмағандықтан, үміткерлер бұл салаға уақытша жұмыс істеуге барады. Өз бетімен қызметкер жалдауда Ахметов Серік осы мәселеге жиі ұшырасқан.

«Екіншіден, субсидия беріледі: осылай жұмысқа орналасқан әр қызметкердің еңбекақысының 35 пайызын мемлекет төлеп береді. Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыс орнына келгендердің ішінде он адамға жуығы тұрақты жұмысқа қалды», – деп, бизнесмен бағдарламаның артықшылықтары туралы әңгімесін жалғады.

Ақтөбе облысы Қобда ауылынан шыққан жеке кәсіпкері Ғалиева Разия да жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жұмыс істеп келеді. Ол жұмыс орнын өзінің «Роза» ательесінен ұсынады.

жеке мұрағатан
Фото: жеке мұрағатан

Ателье киім, терезе перделер тігумен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Разияның айтуынша, өндіріс кеңіген сайын кәсіпорынға қызметкерлер де көбірек қажет.

«Ательеміз 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір 16 адам жұмыс істеп жатыр, оның 85-90 пайызы «Еңбек» бағдарламасымен келгендер. Оншақты адам бізге әлеуметтік жұмыс орнына келіп, кейін тұрақты жұмысқа қалды. Ателье аудан орталығында орналасқандықтан, жұмыскер табу қиын. Сол себепті біз Халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береміз, сол жақтан бізге еңбек биржасында есепте тұрған адамдар жіберіледі. Егер адамда кейбір дағдылар, жұмыс істеуге құлшыныс, қабілет, төзім мен шыдамдылық болса, онда біз оларды өндіріс орнында оқытамыз. Кәсіптік білімі болуы маңызды емес. Үйде отырған қыз-келіншектер жиі келеді, біз оларды жұмысқа аламыз», – дейді Разия.

Оған қоса, әлеуметтік жұмысқа орналаса отырып, жұмыс іздеуші Халықты жұмыспен қамту орталығының бағдарламасы бойынша да оқи алады.

«Қысқа мерзімді оқу бар, соны бітірген үміткерлер бізге жұмысқа тұрады. Оқығаны туралы сертификат алған төрт адам бізге жұмысқа орналасты. Жалпы алғанда, мемлекет тарапынан бұл өте жақсы көмек болды, өйткені біз қызметкерлер тауып қана қоймай, олардың еңбекақысының 35 пайызын аламыз. Ол «Еңбек» бағдарламасы аясында төленеді», – дейді кәсіпкер.

Ауылдықтар, әсіресе, жаңа келгендер үшін бұл бағдарлама өзін танытып, жаны сүйіп істейтін іс табудың бір жолы болса, кәсіпкерлерге талапқа сай қызметкер табудың тамаша тәсілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939392-qazaqstandyq-kasipkerler-qyzmetkerlerdi-enbek-bagdarlamasymen-zumysqa-ala-bastady/

pixel